Жезқазғанда қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен төрт адам ұсталды

Жезқазған, Алматы және Астананың төрт тұрғыны Жезқазған аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша олар MetaGo жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тартып жатырмыз деген желеумен 600-ден астам адамнан 124 миллион теңге қаражат алған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.