Басты бетЖаңалықтарМаңғыстау облысының...

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында:

«Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым», — деп жазды.

Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Алик Айдарбаев – мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсетті.

«Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін», — дейді Инвестициялар және даму министрі.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.