Басты бет / Жаңалықтар /
құтқару қызметі, алматы таулары
Фото: Алматы құтқару қызметі

Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің денесі табылды. Бұл туралы Алматының құтқару қызметі хабарлады.

23 мамыр күні 15:45-те құтқарушылар аустриялық турист Herd Jake Michael-дің денесін Аюсай тау шатқалынан тапты. Оның жанында құжаттары мен жеке заттары болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, ол құлап қайтыс болған, — делінген хабарламада.

d81773aadaf1c899305403c508aaf750 Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары бір тәулікке жуық жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына құтқару қызметі мен ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Жалпы көлемде 80 адам, 20 арнайы техника және бір кинологиялық есеп жұмыс істеді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында аустралиялық туристің жоғалып кеткені хабарланған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram