Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудағы қазандықтарды...

Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 1,9 миллиард теңге бөлінді

Үкімет өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетаудағы қазандықтарды өндеуге өз резервінен 1,9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.

Қала тұрғындарын екі қазандық – 1-АҚ (1977 жылы салынған) және 2-АҚ (1998 жылы) жылумен қамтамасыз етеді. Біріншісінде жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын үш газ-мазутты қазандығы, екіншісінде – қуаттылығы 280 Гкал/сағ болатын үш ұнтақ көмір қазандығы орнатылған. Бүгінде жылу көздеріндегі жабдықтар әбден тозған. Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырлары мен ауа жылытқыштарды жөндеу және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуі қажет, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен жалпы жергілікті экономиканың дамуы аясында Көкшетаудың энергияға артып келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін толыққанды жылу электр орталығының құрылысы пысықталып жатыр.