Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 442-446 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442–446 теңгеден құбылып тұр. Ал Алматыда доллар 443,5–446,5 теңге аралығында сатылып жатыр.
22 мамыр кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 3,36 теңгеге төмендеп, 444,92 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445,12 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,58 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5–5,65 теңге, Астанада 5,45-5,55 теңге аралығында сатылып жатыр.