Qazaq Air компаниясы Астана — Шымкент әуе рейсін ашты

Шымкенттен сапар шегетін жолаушылар билетінің құны — 11 557 теңгеден басталады.  бұл сомаға әуежай алымдарымен қоса есептеледі. Ұшу уақыты — 1 сағат 55 минут.

Рейс аптасына екі рет болады. Жолаушыларды Bombardier Q400NextGen ұшағы тасымалдайды.

Ұшақ билеттерін flyqazaq.com сайтында немесе +7 727 356 1414 телефоны арқылы компанияның сату офистерінде брондауға және сатып алуға болады.

ДереккөзFlyqazaq.com