Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде 16-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 16-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонмен анықталады. Соның әсерінен найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Алдағы үш күнде республикада температура фоны төмендеуі мүмкін. Солтүстікте түнде 3 градусқа дейін аяз сақталады, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция