Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ және үсікке байланысты ескерту жасалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі республиканың басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ және үсікке болуы мүмкін.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде — 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік болады.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте 15 мамырда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік болады.

Астанада түнде 15 мамырда 2 градус үсік.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні — 15-20, Алакөл көлдері ауданында — 23-28 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, 3 градус үсік болады.

Мақалаға реакция