Қызылордада бір топ адам тұрғын үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан

13 мамыр сағат 7.00 шамасында көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз азаматтар жанжалдасып, төбелес кезінде қару қолданған. Төбелеске қатысқан бірнеше азамат ұсталды.

Полиция жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, пышақ және травматикалық қару қолданғанын, төбелескенін, кейін барлығы оқиға орнынан кетіп қалғанын анықтады.

Екі күдікті қала аумағында, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында ұсталды. Қалған күдіктілер анықталып жатыр.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.