Қазақстанның 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 19 өңірде ескерту жасады.

Астанада найзағай соғуы мүмкін. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз найзағай тұруы мүмкін.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай соғады. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі жоғары болуы мүмкін.

Шымкентте найзағай соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай соғуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай соғуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстік-батысыңда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус усік болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.