Мемлекетке 760 миллиард теңге қаражат қайтарылды

Бас прокурор Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады.

Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 миллиард теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды, — деді Берік Асылов экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшесі мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 миллиард теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Бұл активтер Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келіп жатыр.