Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде қала басшысы Ерболат Досаев айтты.
Тұрғындардың бірі қала әкімінен Абай даңғылын ұзарту үшін қалған саяжайлар қашан сүрілетінін сұрады.
Ерболат Досаев 63 жер телімін сатып алу қажеттігін, оның 53-і қазірдің өзінде мемлекет меншігінде екенін айтты. Қалған 10 жер телімінің екеуі мұрагерлік құқыққа байланысты түзетіліп жатса, төрт жоба сотқа өткен.
Бұл мәселелер мамыр айының соңына дейін шешілуге тиіс. Бағалау ескірген, біз оны жаңартуға мәжбүрміз, өйткені төлем жасау кезінде жаңадан бағалау керек. Сатып алу жөнінде сұрақтар жиналып қалды. Жер қатынастары басқармасына мұны мамыр айының соңына дейін реттеуді тапсырдым. Біз бұл жұмысты былтыр жасауымыз керек еді, ақша болды. Келісімшарт жасасып, сатып алғаннан кейін жұмысқа кірісеміз, – деді Ерболат Досаев.