Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

Астананың сол жағалауында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені өртенді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Төтенше жағдай 11 мамырда сағат 15:01-де болды. Өрт сөндіру бөлімшесіне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткенде салынып жатқан тұрғын үйдің аумағында битум және алдын ала мәлімет бойынша үйдің сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталды. Өрт 15:17-де ауыздықталды, — делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.