«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонға байланысты болады, сонымен қатар, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік облыстарда жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.
Республикада температуралық фонның төмендеуіне байланысты, солтүстік және шығыс облыстарда түнде екі градусқа дейін аяз болады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Цельсий градусы бойынша 5-15 градусқа дейін, — делінген хабарламада.