Басты бетЖаңалықтарДональд Трамп...

Дональд Трамп журналисті зорлау әрекеті үшін кінәлі деп танылды

Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жазушы және журналист Джин Кэрролды зорламақ болған деген шешім шығарды. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

Сот экс-президент әйелді 1996 жылғы көктемде жәбірлеген, бірақ оны зорламаған деген қорытындыға келді. Сот Дональд Трампты азаматтық істі реттеу аясында шығынды өтеу үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар ол талапкердің ар-намысына және беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар төлеуге міндеттелді.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде үкімге түсініктеме беріп, оны масқара жағдай деп атады.

Джин Кэрролл ісі бойынша сот тыңдаулары биыл сәуір айының соңында Дональд Трамптың сайлау алды науқаны аясында басталды, ол 2024 жылы екінші президенттік мерзімге үміткер болуға ниетті екенін жариялаған еді. Экс-президент өзіне қарсы мұндай сот процестері саяси алаяқтық екенін бірнеше рет айтқан.

Кэррол 2019 жылы Трампты 1990 жылдары зорламақ болды деп айыптады. Саясаткердің өзі бұл айыптауларды жала деп атап, жоққа шығарды.