Әнші Досымжан Таңатаров Жастар театрының директоры болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның алдында бұл қызметті Әділ Ахметов атқарған.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ол – Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Ал 2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымын атқарды.