Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 10:46-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 470 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 11.2, MPV магнитудасы – 5.1, тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.