Елімізде 1 131 адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде кейінгі тәулікте 25 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

2 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 131 адам коронавирус инфекциясынан (–982+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 149 пациент стационарда, 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.