Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұлттық статистика бюросы елімізде тұратын түрлі этнос өкілінің статистикасын ұсынды.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны — 19 808 430 адам. Оның ішінде 70,6%-і қазақтар, орыс халқының үлесі–15,1%, өзбектер–3,2%, украиндар–1,9%, ұйғырлар–1,5%, немістер–1,1%, татарлар–1,1%, әзербайжандар–0,7%, кәрістер–0,6% және басқа этнос өкілдері, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметіне, елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар. Қазақстанда барлығы 124 этнос өкілі тұрады.