Риддерде жылыту маусымы келесі айға дейін созылады

Риддерде жылыту маусымы келесі айға дейін созылада. Бұл туралы жылу электр орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Риддерде былтыр күзде басталған жылыту маусымы 29 сәуірде аяқталады деп жоспарланған еді. Бірақ ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты шегеріліп отыр.

Алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады. Сондықтан жылыту маусымы әзірге аяқталмайды. Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін, — делінген хабарламада.