Риддер әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

Риддер қаласы әкімінің міндетін Дархан Қосантаев атқарады. Бұл туралы Устинка.Live ресурсы хабарлады.

Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылғы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген.

2009-2013 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика және менеджмент факультетінде оқып, қаржы бакалавры біліктілігін алған.

2015-2017 жылдары Семейде қазақ мемлекеттік заң университетінде «құқық бакалавры» мамандығы бойынша білім алды.

2013-2014 жылдары Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты бас маманы міндетін атқарушы;

2014 жылы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппаратының бас маманы;

2014-2015 жылдары Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы;

2015 жылы Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы;

2015-2017 жылдары Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы;

2017-2020 жылдары Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі коммуналдық меншікті бухгалтерлік есеп және есептілік, басқару және мониторинг секторының меңгерушісі;

2020 жылы Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі басшысы;

2020-2021 жылдары Риддер әкімінің аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы;

2021-2022 жылдары Риддер әкімінің аппарат басшысы;

2022 жылдан қазіргі уақытта Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, 21 сәуірде Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды.