Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Президент елордадағы желілік саябақта «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы желілік саябақта ағаш отырғызды.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

сенбілік
Фото: Akorda.kz

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенбілікке қатысқандар екі түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.