Астана-Ташкент бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстандық FlyArystan лоукостері шілде айынан бастап Астанадан Ташкентке тікелей рейсті іске қосады.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

3 шілдеден бастап біз Астана мен Ташкент арасындағы тікелей рейстерді жүзеге асырамыз. Рейстер Airbus A320 бортында дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшады. Билет құны 21 800 теңгеден басталады, — делінген хабарламада.