«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар тұрады.
Кезең соңында солтүстік антициклон ығысып, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі, шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.