Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-457 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 452-457 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452–457 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 453–456,5 теңге аралығында құбылып тұр.

27 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,26 теңгеге өсіп, 456,22 теңге болған.

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,60 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45–5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,48-5,58 теңгеден сатылып жатыр.