Алматыда биыл 600 автобус сатып алынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты.
Оның 200-і Алатау ауданындағы 19 маршрутты жаңартуға бағытталады.
Оның айтуынша, бұдан бөлек жеке тасымалдаушылар биыл төртінші тоқсанға дейін 73 автобус сатып алады. Олар жеті маршруттағы (№18, 19, 46, 98, 99, 109, 122) жаңартуды жоспарлап отыр.
Біздің алдыңғы кездесулерімізде сіздердің өтініштеріңіздің дені кейбір маршруттардың қолайсыздығы мен жоспарланған қозғалыс аралығының сақталмауы сияқты қоғамдық көлік жұмысының сапасына қатысты болды. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешіп жатырмыз, — деді әкім.
Қала басшысы 2022 жылы әкімдік 450 жаңа автобус сатып алғанын, оның 92-сі (20%-і) Алатау ауданына берілгенін айтып өтті.