Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 сәуірге арналған бағамын жариялады.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 453,93 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,56 теңге.
26 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге төмендеп, 453,96 теңге болған. Ресей валютасы 5,60 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452–456 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 453,5–457 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,4–5,6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,48–5,58 теңгеден саудаланып жатыр.