Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 27-29...

Елімізде 27-29 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 27-29 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәулікте солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронтал бөліктері ықпалынан батыста, солтүстік-батыста, одан кейін шығысқа ауысқан сайын солтүстік, орталық және шығыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс және оңтүстік облыстарда құмды дауыл болады.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: батыс өңірлерде 23-33 градусқа дейін, оңтүстікте 27-35 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін. Елдің қалған аумағында 27-28 сәуірде қазіргі температуралық фон сол күйі қалады, алайда 29 сәуірде түнде 2-10 градусқа, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.