Министр: Мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты.

БАҚ өкілдері министрден оқулықтарды планшетке ауыстыру идеясы туралы сұрады.

Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз, – деді министр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, кластарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.