Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451-456 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451-455 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452,5-456 теңге аралығында құбылып тұр.
24 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,03 теңгеге төмендеп, 456,40 теңге болған.
Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,62 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,48-5,58 теңгеден сатылып жатыр.