Мемлекет басшысының 9 мамырға арналған жоспары белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады. Президент 5 мамырда бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.