Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар үш...

Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды

Қазақстанда үш айдың ішінде 4 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелді. Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, алаяқтардың құрбаны болған адамдар 3 миллиард теңгеден астам шығынға батты.

Алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтар тауарға немесе қызметке төмен баға көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді, — деді Жандос Сүйінбай онлайн брифингіде.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына сақтық шараларын ұмытпау керек:

  • тексерілген жарнама сайттарын пайдалану;
  • тауарды алғаннан кейін төлем жасау;
  • тауардың бар екеніне көз жеткізу.

Ал сатушы басқа қалада болса, тауарды таныстар немесе туыстар арқылы жіберуді сұрауға болады.