Қазақстанда кейінгі тәулікте 25 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 309 адам коронавирус инфекциясынан (–1 153+ және 156 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 153 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.