Басты бетЖаңалықтарОқу-ағарту министрлігі...

Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін бөлек SIM карта енгізуді ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі балаларды теріс контенттен қорғау үшін бөлек SIM карта енгізуді ұсынды.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, бүгінде балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру өзектілігі артып тұр.

Балаларға арналған SIM карталар енгізу арқылы олардың әлеуметтік желілерді ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануына, түнгі уақытта интертнет желісіне қосылуына шектеу енгізу қажет деп санаймыз, — деді Еділ Оспан мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.

Ол балалардың интернетті пайдаланылуына ата-ана бақылауын қолдану тәсілдері бойынша кең көлемді ақпараттық жұмыстарды жүргізу маңызды екенін айтты.