«ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жүйесі арқылы Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметінің тарифін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметі тарифінің жобасы 1 000 шақырымға тоннасына 5 012,42 теңге. Бұл бекітілген тариф деңгейінен 656,86 теңге немесе 15%-ке жоғары, — делінген хабарламада.
Ел заңнамасы бойынша өзгертілген тарифті бекіту туралы шешімді ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті қабылдайды.
2021 жылдан бастап 1 000 километрге тоннасына 4 355,57 теңге (қосымша құн салығынсыз) тасымалдау тарифі күшіне енеді.