Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.

Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі, — делінген хабарламада.