Өрт сөндірушінің бір күні

Таңғы сағат: 08:30. Марат Есболғанов үшін жұмыс күнінің басталуы. Бірінші кезекте басшылықтың тексеруінен өтіп, төтенше жағдайға дайын екендіктерін мәлімдейді.

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күні

Абай аудандық өрт сөндіру қызметінің мамандары тілсіз жауды құрықтауға  сақадай-сай.

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күніӨрт бола қалған жағдайда жеткілікті су қоры болуы шарт. Сондықтан арнайы белгіленген су қорларының картасын тексеру үстінде.

Өрт сөндірушінің бір күні

Қала аумағындағы өрт дабылы туралы хабар өрт сөндіру қызметінің нұсқаушысына (суретте Наталья Лукьянчикова) келіп түседі. Онан ары төтенше жағдай орын алған мекен-жайға дейін кәсібіи нұсқаушы рация арқылы ең жылдам жол бөлігін нұсқап, өрттің тез сөндірілуіне ақпараттық қолдау көрсетеді.

Марат Есболғановтың айтуынша нұқсаушы тек кабинетте отырып жұмыс істейтін болып көрінгенімен, алайда өрт сөндірілгенге дейін бізбен бірдей қызмет атқарады.

Өрт сөндірушінің бір күні
Түнде орын алған өртті ауыздықтап келген “батырлар”!

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт! Дабыл!

Өрт сөндірушінің бір күні

Уақыт өлшеулі, бір секунд та қымбат!

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күні

Дер кезінде сөндірілен өрт ауыр шығынның алдын алады.

Өрт сөндірушінің бір күні

Қарапайым еңбек адамдарының түскі асы — майонез, пияз, бөлке нан, қайнатылған макарон сорпасы…

Өрт сөндірушінің бір күні

“Өрт сөндіруші күн сайын оқу-жаттығудан өтеді. Физикалық, психологиялық тұрғыдан өзін шыңдау қажет”, —  дейді Марат аға.

Өрт сөндірушінің бір күні

Кеңестік кезеңде жүгіруден республикалық спорт шебері атанған Марат аға көпқабатты ғимаратқа көз ілестірмес жылдамдықпен өрмелейді. 27 жыл ішінде өмір мектебінен алған тәжірибесін жас буынға үйретуден жалыққан емес.

Өрт сөндірушінің бір күні

Төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтау — басты міндет.

Өрт сөндірушінің бір күні

“Өрт сөндіру тек жеке адамның еңбегі емес. Бұл төрт көзі түгел ұжымның бірлесіп атқарар шаруасы. Осы ретте республикалық спорттық сайыстарда оқ бойы озық жүруіміз Абай аудандық І мамандандырылған жасақтың басшысы, подполковник Алтынбек Толтаевтың үлесі зор деп білемін”, —  дейді Марат аға.

Өрт сөндірушінің бір күні

Ақпан айында “101” орталығына 20 мыңнан аса қоңырау келіп түскен. “Мұның барлығы тіркелген төтенше жағдай екен”, —  деп қалмаңыз. Кейбірі, қалтафонының дауыс жүйесін тексерсе, ата-анасының ұялы телефонымен әуестенген жасөспірімдер, қаланы толық білмейтіндер, беймаза адамдар осы сымтетікке жиі қоңырау шалып, нәзік жандылардың мазасын алады.

Өрт сөндірушінің бір күні

Тіпті, сексенді еңсерген бір қарт әже түні бойы “Сағат неше болды қызым?”, — деп үнемі  қоңырау шалады екен. “Алайда, барлығына байыппен жауап беріп отырамыз”, — дейді “101” — дің қыздары.

Өрт сөндірушінің бір күні
Тағы да өрт!

“Қаптаған көлік тығынынан оқиға орын алған жерге жетудің өзі мұң. Бұл ретте көлік жүргізушілерінің жұмысымызға түсіністікпен қарауын сұраймыз”, — дейді жасақ жүргізушісі.

Өрт сөндірушінің бір күні

Алдын ала болжам бойынша электр желісі жүйесіндегі ақауларға байланысты құрылыс заттарын сататын дүкен өртке оранған.

 

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күні

«Біздің жұмысымызды түсінбейтіндердің арасында “Күнде өрт бола бермейді. Олар бос уақытында ұйықтайды”, “Өрт кезінде өзгенің дүние-мүлкін жымқырады”, “Оқиға орнына үнемі су толтырылмаған көлікпен барады”, — деген әңгіме көп. Шын мәнінде, біздің жұмысымыз үздіксіз жаттығудан тұрады. Бір сәтке де босаңсуымызға, бел шешіп демалуға қақымыз жоқ. Олай болған да емес, болмайды да. Жоғары қысыммен үзіліссіз ағылған су небәрі 8-10 минутқа ғана жетклікті. Онан ары көлікке тағы су толтыруға мәжбүрміз” , — деп кейістік танытты Марат аға.

Өрт сөндірушінің бір күніКез-келген тұрғын өрт қауіпсіздігі жөнінде қарапайым қағидаларды білгені абзал. Сіздің болмашы қателігіңіз басқаларға зор зиян, орны толмас қайғы әкелуі мүмкін.

Өрт сөндірушінің бір күні

“Төтенше жағдай кезінде бір тәуліктің өзі біз үшін 10 тәуліктей болып ұзаққа созылып кетеді. Себебі, кейде өртті ауыздықтаудың өзі таңнан-таңға дейін жалғасады. Бірақ, бізге артылған жауапкершілікті сезініп келеміз. Өрт болғасын кейде адам шығыны да орын алады. Сол уақытта біз қатты күйзелеміз. Осыдан үш жыл бұрын кезекті өрт сөндіру сәтінде қойма қабырғасы құлап әріптесіміз астында қалып, мезгілсіз мерт болды. Осылайша біз бір тәуліктен астам жанымызда болатын аяулы әріптесімізден көз жазып қалдық”,- дейді Марат Есболғанов.

Өрт сөндірушінің бір күні

“Сақтанғанды Құдай сақтайды” демекші, қаламыздың әр тұрғыны өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаса, орны толмас өкініш болмас еді. Біріншіден өз денсаулықтарына және дүние-мүліктеріне залал келмейді.

Өрт сөндірушінің бір күні

Өрт сөндірушінің бір күні

Әрбір өрт сөндіруші қаһарман өрт болған сайын өз бастарын қатерге тігеді. Себебі, бұл жұмыстың талабы!

Өрт сөндірушінің бір күні
— “№1 мамандандырылған жасақтың екінші ауысым диспетчері біз өртті толығымен сөндіріп, бөлімшіге оралудамыз. Жолай көлікке су толтырамыз”.
— “Қабылданды. Сіздердің оралу уақыттарыңыз сағат 00:51”.

Міне, өмірден түйгені түгел, көргені анық Марат ағаның бір күні. Оның өз ісіне деген шексіз махаббаты адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, пайдалы іспен айналысуға үгіттеп тұрғандай.

Кезекті сәтті сөндірілген өрттен кейін оның жүзінен біз шаршаудың емес, қуаныштың белгісін көргендей болдық.

Фото: Мақсат Шағырбаев. Мәтін: Нұрбақ Едіге