Бұл туралы «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов өзінің Facebook-тегі парақшасында xабарлады.
Оның жазуынша, енді құжаттардың дайын болған-болмағанын білу үшін уақыт шығындап ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
«Бұл қызметті «Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып жасадық. Оны пайдаланғаныңыз үшін ешқандай ақша төлемейсіз. Тегін»,- дейді Абылайxан.
Сондай-ақ СМС арқылы сізге көрсетілген қызметтің сапасына баға беруге де болады.