Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Бектенов ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Олжас Бектенов 1980 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда туған.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы;
2005-2006 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2006-2009 жылдары ҚР президенті әкімшілігінде жұмыс жасады.
2009-2012 жылдары ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;
2012-2014 жылдары ҚР экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы;
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі;
2016-2017 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
2022 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.