Елімізде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

Оқу-ағарту министрлігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.

Құзырлы ведомство басшысының тиісті бұйрығы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатта балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізуге және үйлестіруге мүмкіндік беретіні жазылған.

Оқу-ағарту министрлігінің «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» бұйрығының жобасы оқу-ағарту министрлігі жанындағы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске, республикалық жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығына, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтына сараптамаға жіберілді.

Құжат 2023 жылдың 14 сәуірінде дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.