Басты бетЖаңалықтарҚайрат Боранбаев...

Қайрат Боранбаев сегіз жылға сотталды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев сегіз жылға сотталды.

Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танылып, оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын, — деді судья Бапакова.

Еске салайық, Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы былтыр желтоқсанда басталған еді. Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамады.

Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастады.

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.