Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасты.

Қайрат Боранбаевты қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде (қылмыс жасауға жәрдемдесу), аталған баптың 2-тармағының 189-бөлігінің 4-бөлігінде (жымқыру немесе бөгденің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау), сонымен қатар 218-баптың 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жолмен ірі көлемде ақша және мүлік иеленгені үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Оған ҚР қылмыстық кодекстің 28-бабы, 5-бабы және 4-баптың 189-бөлігі бойынша жаза тағайындалсын. Яғни, өмір бойы мемлекеттік қызмет, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, сегіз жыл бас бостандығынан айыру және 218-бабы 3-бөлігі бойынша мүліктерін тәркілеу сұралады, — деді мемлекеттік айыптаушы, прокурор Айжан Аймағанова.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы Қайрат Боранбаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу режимін тағайындауды сұрады.

Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бұрынғыдай қалдырылсын. Боранбаевты қамауда ұстау уақыты 15 наурыздан бастап үкім заңды күшіне енген күнге дейін 1,5 күн бас бостандығынан айыру үшін бір күн есебінен жаза мерзіміне есептеуді сұраймын. Оған тиесілі жылжымайтын мүлікке және ақшалай қаражатқа салынған тыйым мүлікті тәркілеуге және оған қатысты басқа қылмыстық істі тергеуге байланысты сол күйінде қалдырылсын, — деді прокурор.

Одан бөлек, сотта қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес Боранбаевқа (арнаулы, әскери атақ-дәрежелері, шені мен дипломатиялық дәрежесінен, біліктілігі және мемлекеттік атақтарынан айыру) берілген мемлекеттік наградаларды кері қайтаруда сұралды. Олардың қатарында «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Парасат» және үшінші дәрежелі «Барыс» ордені бар.

Еске салайық, Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы былтыр желтоқсанда басталған еді. Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамады.

Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін қаражат бөлінеді

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Алматыдан 413 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні сағат 14:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына гүл қою рәсімі өтеді

Алматылықтар үшін 31 мамыр күні  еске алу орындарына баратындарға көліктер ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.