Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны жетіден аспауы керек. Жетінші сайланған мәжілісте жеті тұрақты комитет жұмыс істеген еді. Депутаттар комитеттердің атауы мен санын өзгеріссіз қалдырды.

Осыдан кейін тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.

Аграрлық мәселелер комитетіне «Ауыл» партиясының мүшесі Серік Егізбаев басшы болды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Amanat партиясынан депутат Асхат Аймағамбетов.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Amanat партиясынан депутат Снежанна Имашева.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Amanat партиясының депутаты Айгүл Құспан.

Қаржы және бюджет комитеті – Amanat партиясының депутаты Мәди Тәкиев.

Экология және табиғатты пайдалану комитеті – Amanat партиясынан депутат Еділ Жаңбыршин.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Amanat партиясынан депутат Нұртай Сабильянов.