Басты бетЖаңалықтарЖаңадан сайланған...

Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

VIII сайланған мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Бұл жаңадан сайланған депутаттардың бірінші жалпы отырысы.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін, — деді жаңа депутаттар.

Айта кетейік, парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Сайлаудың нәтижесі бойынша партиялық тізіммен алты партияның өкілдері өтті. Оларға барлығы 69 мандат берілді. Қалған 29 орын бірмандатпен сайланған депутаттар арасында таратылады.