27 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда парламент мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
- Барлыбаев Ерлан Хайланұлы — экономист, парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
- Еспаева Дания Мәдиқызы — қаржыгер, парламенті мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;
- Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.