Жаңбыр, тұман, жел: 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсерінен тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін.

Сонымен қатар фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қатты қар, жаяу бұрқасын, 29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аяздан — 5 градус жылыға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.