Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті.
ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.
Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды.
Жедел қызметкерлердің және «А» арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттері бойынша Алматыда 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды.
Материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.