Басты бетЖаңалықтарҚазақстан халқы...

Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 26-27 сәуірде өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылғы 26-27 сәуір күндері Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.