Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жанармайдың...

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық «Ашық НҚА» сайтына шықты.

Қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін: 1) Аи маркалы бензин-80 – тоннасына 93 161 теңге; 2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – тоннасына 193 649 теңге; 3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге, — делінген бұйрықта.

Қоғам жобаны 30 наурызға дейін талқылай алады.