Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.
Агенттіктің мәліметінше, компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.
Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, Qnet қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту бойынша жүзеге асырылды.
Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрон коммерция қызметі түрінде жасырылды. Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы — 463 миллион теңге. Астананың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге екі айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.